Құрбандықты онлайн шаласыз

Oinet.kz 29-07-2020 678

Screenshot_11.png

Қазақстан Республикасының  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдесіндегі №44 «Қатаң карантиндік шараларын енгізу туралы» қаулысына сәйкес, тұрғындардың арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері «Құрбан айт» мерекесі кезінде шектеу шаралары бойынша қаулы шығарды.

Оған сәйкес, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй иеліктерінде және медреселерде адамдар көп жиналатын ic-шаралар өткізуге тыйым салынады. Түркістан облысы аумағында рұқсат етілмеген орындарда мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға болмайды. Сондай-ақ, мерекеде Түркістан облысының орталық мешітімен белгіленген құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою орындарының жұмысы тоқтатылады.

Айта кетерлігі, құрбандық шалуға онлайн режимінде www.qurban2020.kz сайтына өтінім беру арқылы құрбандық шалуға болады. Ол тізім бойынша мұқтаж жандарға үлестірелетін болады. Мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбан болған жануарлардың еті) тасымалдау және сақтау кезінде санитарлық- эпидемиологиялық талаптар толық сақталады.

Айта кетері, биылғы Құрбан айт мерекесін мұсылман жұртшылығы 31 шілдеде бастап тойлайды. Мереке үш күнге 2 тамызға дейін жалғасады.  


«Әзірет Сұлтанның» күмбезі қайта жаңғыртылды
42500 теңгені 540 мыңнан астам азамат алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу