Ордабасыда 100 адамдық провизорлық орталық дайындалуда

Oinet.kz 24-07-2020 678

Screenshot_9.png


Түркістан облысы Ордабасы аудандық орталық аурухана жанынан 100 адамға шақталған провизорлық орталық дайындалуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің айтуынша, аудандық аурухананың бұрынғы ғимараты жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен толық жөндеуден өтуде. Нысан тамыз айында пайдалануға берілмек. Орталықтың жалпы аумағы – 1500 шаршы метрді құрайды.

Сонымен қатар, аудандағы Темірлан елді мекенінде «Арбат» аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Мердігер мекеме – «АРТ Құрылыс» ЖШС-і. Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары желтоқсан айында толық аяқталмақ.

Айта кетерлігі, биыл аудан орталығы Темірланда 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі. 2018 жылы құрылыс жұмыстары басталған мектеп биыл жаңа оқу жылына орай есігін ашады. Биыл 1 ауысыммен оқыту жұмыстары жүретін болады.

Аудан орталығындағы құрылыс жұмыстары аяқталып, биыл толық пайдалануға берілген нысан - абаттандыру жұмыстары жүрген «Орталық саябақ». Онда Даңқ мемориалы, ауданның құрметті азаматтарының аллеясы, ботаникалық бақ пен спорттық алаңшалар орналасқан. Саябақтың жалпы аумағы 5 гектар.


«Тәртіпке бағынған құл болмайды»
Оңтүстіктің диқандары тропикалық жеміс өсіруді қолға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу