Дәріханалардың жұмысына тексеру жүргізілді
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокуратурасы мен еріктілер және арнайы құрылған мониторинг топ жергілікті атқарушы және қылмыстық қудалау органының қызметін үйлестіру арқылы бірқатар дәріханаларға шаралар көрді. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселен, 17-шілде күні ауданда құрылған мониторинг топтың мүшесі, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Русланбек Бейсенов аудандық полиция бөліміне Атакент кенті, Н.Төреқұлов көшесінде орналасқан "ЖК Асылбекова" дәріханасына жедел тергеу тобының келуін сұраған.
Аталған хабарламаны тексеру барысында Мақтаарал ауданы әкімдігі қызметкерлері тарапынан 07.07.2020 жылы шыққан №286 санды "Мақтаарал ауданында бағаларды тұрақтандыру бойынша аудандық штаб құру туралы" қаулысына сәйкес, "ИП Асылбекова" дәріханасының тиісті лицензиясы болмаған.
Осы деректі жедел тергеу тобымен тексеру барысында "ЖК Асилбековаға" тиесілі лицензия Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Ташкент көшесінде орналасқан дәріханаға берілгені, алайда Атакент кенті, Н.Төреқұлов көшесінде орналасқан дәріханаға тиесілі емес екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, дәріханадан дәрі алу барысында "Аспирин" дәрісі мен қорғаныш маскалары шектік бағадан артық төлемақы сұрағаны анықталған.
Айта кетейік, жинақталған іс-құжаттардың барлығы шара қолдану үшін тиісті бақылаушы органдарға жолданды.