Түлкібаста 54 жол жөнделіп жатыр

Oinet.kz 23-07-2020 622

029.png


Түлкібас ауданында биыл жалпы ұзындығы 68 шақырымды құрайтын 54 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы 36 шақырымдық 35 көше орташа және күрделі жөндеуден өтеді. Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 11,24 шақырымы пайдалануға берілген. Жалпы жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында толық аяқталатын болады.

Сонымен қатар, ауданда жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 6 жоба іске асуда. Олар: 3-і мектептің күрделі жөндеу жұмыстары және 3-і инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту. Бағдарламаның ерекшелігі жоғарыда аталған әр түрлі бағыттағы құрылыс жұмыстарына 133 адам жұмылдырылса, оның 70-і аудан тұрғындарын құрап отыр. Бұл дегеніміз елімізде орын алған карантин режимі кезінде уақытша жұмыссыз қалған аудан тұрғындарына уақытша жұмыс көзінің пайда болуы. Осылайша аудан тұрғындары қиын кезеңде мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отыр.

Жалпы биыл Түркістан облысында жол жөндеу жұмыстарына қомақты қаржы бөлініп отыр. Тиісті жұмыстар барлық аудан, қалаларда жүргізілуде. 


Жаңбырлатып суарудың тиімділігі көп
«Игіліктің» игілігін көргендер көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу