Шөкеев Өргебас пен Фирдауси ауылдарының тұрғындарымен кездесті

Oinet.kz 23-07-2020 536

Screenshot_2.png


Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ондағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысын бақылады. Облыс басшысының тапсырмасына сай күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен барлық құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Облыс әкімі су басқан Өргебас және Фирдоуси ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады. Жаңажол ауылдық округі Өргебас ауылында орналасқан Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебінің құрылысын тексерді.

Облыстық бюджет есебінен былтыр құрылысы басталған 200 орындық жаңа мектеп биыл пайдалануға берілмек. Сонда - ақ мұнда фельдшерлік - акушерлік пункт (ФАП) құрылысы басталды. 

"Қысқа мерзімде ауқымды жұмыстар атқарылды. Халықты тіршілікпен қамтамасыз ететін нысандар мен инфрақұрылымдар қалпына келтірілуде. Халықты ертерек баспаларына жайғастыру үшін құрылыс жұмыстары күшейтілді. Жауапты аудан әкімдері, басшылары осында. Құрылысты уақытында аяқтау үшін күн-түн демей еңбек етіп жатыр"-, деді Өмірзақ Шөкеев. 

Жалпы көлемі 1256 га құрайтын Өргебас елді мекенінде 209 үй орналасқан. Онда су басқан үйлер бұзылып, аумағы тазартылып, үйлердің іргетасы құйылған. 70 үйдің қабырғасы қаланып, шатырлары жабылуда. Құрылыс жұмысына 613 адам тартылған.

2377 адам мекен еткен Фирдауси ауылын қалпына келтіру жұмыстары да тынымсыз жүріп жатыр. Жалпы ауданы 1358 га болатын ауылда 327 үй орналасқан. Бүгінгі таңға ондағы жарамсыз үйлер бұзылып, үй аумақтары тазартылған. Басым бөлігінің іргетасы құйылып, 96 үйдің қабырғасы қаланып, шатырлары жабылуда. Жалпы құрылыс жұмыстарына 1002 адам тартылған. 

Сонымен бірге, «Фердауси» атындағы мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Ауылдағы ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. 33 км құбыр жүргізіп, ұңғымалар бұрғыланған. Абоненттік жәшіктер орнатылып, жаңа су мұнарасын орнату жұмыстары басталған.


Құрылыс өз мерзімінде аяқталады
Түркістанға 5 миллион дана дәрі келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу