Грант алып, кәсіп бастады

Oinet.kz 15-06-2020 709

image.png

Түркістан облысы Ордабасы ауданында шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән берілуде. Бұл орайда аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы іс бастауға ниеттілерге бағыт-бағдар беруде.

Мысалы, өз кәсібін ине - жіптен бастаған аудан тұрғыны Ақниет Өскенбай әуелі үйінде отырып, моншақ, биссерлермен басқа тағатын әшекей бұйымдар жасап, сатудан бастаған. Ал мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау оны ынталандырып, жаңа ізденістерге жетеледі. Бүгінде Ақниеттің есімі ауыл-аймаққа етене таныс. Іскер келіншекке қыз жасауы, әшекей бұйымдар мен балалардың жөргегін тіктіруге тапсырыс берушілер көп. Сүйікті ісін ынта-ықыласпен істейтін кәсіпкер келіншек мемлекеттен 3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алды. Сөйтіп, көпфункциялы тігін машинасын сатып алып, қазір жайнамаз сынды діни бұйымдар да тігуде. "Мен негізі фельдшер мамандығын бітіргенмін, алайда тұрмыс құрып, балалы болған соң, күйеуім үйде отырғанымды қалады. Содан соң бұл үйде отырып бастаған кәсібім болатын. Бастапқыда ұсақ жұмыстармен, тұтынушылармен жұмыс істеуді үйрендім. Мемлекеттік грантты ұтып алып, осы кәсіпті бастағаннан кейін, көптеген кісілер тігіншілікті үйренуге келе бастады", - дейді кәсіпкер.

Қазір Ақниеттің "Румиса" деп аталатын шағын кәсіпкерлік нысанында алты адам жұмыс істейді. Олар еңбегіне қарай ақы алады.


Жаңа мешіт 5 мыңнан астам жамағатты қабылдай алады
Ортағасырлық қалашықтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу