Кесене аумағы көріктендірілуде

Oinet.kz 15-06-2020 753

image.png

Мұсылман жұрты үшін ең қастерлі мекендердің бірі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі рухани дәрежесінің биіктігін айтпағанда, ортағасырлық сәулет өнерінің шыңы. Бүгінде Түркістан төріндегі теңдессіз тарихи жәдігердің айналасы абаттандырылып, жасыл желекке орануда. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев жауапты азаматтарға кесене аумағына ең құнды ағаш көшеттерін отырғызуды тапсырды. Мұндағы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы арнайы мамандардың жіті бақылауында.

Облыс әкімі драма театр құрылыс алаңын да аралап көрді. Төрт қабаттан тұратын ғимараттың жалпы көлемі 9700 шаршы метрді құрайды. Заманауи үлгіде салынып театрдың көрермендер залының сыйымдылығы 510 адамға есептелген. Ақтөбе облысының Түркістанға тартуы саналатын драма театрдың құрылысы алдағы күзде аяқталады деп жоспарланып отыр.

Облыс орталығы – Түркістан қаласын көркейту мақсатында шаһар 32 секторға бөлінген. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты. Қала аумағында ағаштар отырғызылып, абаттандырылуда. Көшелерде жарықшамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтар орнатылған. Сонымен қатар аяқжолдар мен веложолдар төселіп, айналасына көшеттер егілді. Демалыс орындары мен көшелердің бойына субұрқақтар орнатылып, жаңадан аялдамалар қойылған.

Ордабасыда мұнай өнімдері өндіріледі
Түлкібастық шаруашалар бір жерден үш рет өнім алмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу