Түркістан облысының кәсіпкері тұрмысы төмен отбасыға баспана сыйлады

Oinet.kz 18-05-2020 645

 image.png

Қасиетті Рамазан айында Түркістан облысында көпбалалы отбасы баспаналы болды. Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекенінің тұрғыны Бақытжан Ынтыбаевқа ауданның жомарт жандарының бірі «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-нің төрағасы Ерболат Мырзабеков өз қаржысы есебінен сатып алынған 5 бөлмелі тұрғын үйді тарту етті.

Жергілікті билік басшылықтары мен Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді қоныстой иелерін құттықтап, естелік сыйлық тарту етті. Жаздың аптап ыстығында, қыстың сықырлаған аязында қуықтай үйді паналап жүрген отбасының жағдайын көрген жергілікті билік басшылары кәсіпкерлерге қолқа салды.

Кәсіпкерлерде ұсынысты қабыл алып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасына қолдау білдірді. Қиналған жанға көмектесуді азаматтық борышы санап, үй сатып алып берді. 

Бұрын қабырғасы құлаған, шағын құжыраны жалдап отырған отбасы жайнаған жаңа үйге кіргенде көз жасына ие бола алмады. Сонымен қатар қамқорлық жасаған кәсіпкер отағасын өзінің жеке шаруашылығына маусымдық жұмысқа қабылдады.

Үй иелері қасиетті рамазан айында игі іске ұйытқы болған кәсіпкерге ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Бір күнде үйлі болып, әрі жұмыс орналасқандығына көңілдері көтеріліп, қуаныштарымен бөлісты. 

Ауыл шаруашылығы өнімдері ел аумағында еркін сатыла бастады
Кесене аумағын көріктендіру жайы талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу