Дезинфекциялау жұмыстары қарқын алды
Қауіпті індеттің таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында залалсыздандыру шаралары жүріп жатыр.
Коронавирус індетіне байланысты Арыс қаласы орталығындағы адам көп шоғырланатын орындарда, мемлекеттік нысандарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.
Әкімдік барлық қала тұрғындарынан өз денсаулықтарының қауіпсіздігі мақсатында үйде отыруды, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға бармауды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұранады.
Сондай-ақ, Елбасының бастамасымен қолға алынған #BizBirgemiz республикалық акция аясында Жетісай қаласының тұрғыны, "NurOtan" партиясының белсенді мүшесі кәсіпкер Алиев Көбейбек Арыс қаласы тұрғындарына 10 тонна қырыққабатты тегін таратып берді. Арыс қалалық «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Е. Маханов қырыққабаттарды ерікті Қарынбаев Аманбайдың жүк көлігімен алып келіп, тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға таратып берді.
-Қиын-қыстау кезеңде халқына көмек қолын созға білген кәсіпкерге Арыс қаласы тұрғындары атынан алғыс айтамыз! Рамазан айында жасаған әр жақсылықтарыңызға мол сауаптан жазсын!-делінген Арыс қаласы әкімдігінің таратқан ақпаратында.
Жалпы елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлер тарапынан қарапайым халыққа медициналық бетперделерді, азық-түлік тегін тарату шаралары жүріп жатыр. Жер-жерде игі бастамаға үн қосып, атсалысып жатқан кәсіпкерлер көбейіп келеді.