Назгүл КЕНЖЕТАЙ, халықаралық журналист: Өзгерістер үшін халықта саяси сана өзгеруі қажет
Әлемде сақталған соғыстағы жеңісті мерекелеуді қабылдай алмаймын. Қайтсе де, құрбандық бар. Тәслім етілген қанша жан, төгілген қанша қан бар? Біз сонша жоғалтудан бақытты бола алдық па?
Кейіпкерім Назгүл жас та болса елге пайдалы жобаларды басқарып жүрген халықаралық әскери әрі саяси журналист. Назгүл Кенжетайдың жұмыстары Катар, Түркия және Еуропа және т.б. елдерде жекеменшік көрмелерде қойылды. Оның жазғандары BBC-де жарияланды. Әлемге үні бар Назгүлді бірге тыңдайық!
– Темір канцлер Отто фон Бисмарк «Саясат – жоқты бар ету өнері» деп бағалаған екен. Сіздің «Отансыздықтың жүзі» жобаңыз зор кем дүниені сипаттайды. Саяси тақырыпқа тосырқамайтын журналист ретінде барды жоқ етуге кім мүдделі деп ойлайсыз?
–Барды жоқ ететін – отократиялық режимдегі, диктаторлардың жүйесіз саясаты.
–Жасыратыны жоқ, қазақ тілді БАҚ материал дайындағанда Ресейлік дереккөзге жүгінеді. Украинадағы жағдаятты сол елдің сарапшыларының бағамдауымен қабылдадық. Таяу Шығыстағы қақтығыстар да түгел орысша деректерден пайымдалды. Осы тұста Ресейдің идеологиялық цензурасы шынайылыққа перде тұтпай ма? Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тұрақты бақылаған журналист ретінде қайшылықты ой байқамадыңыз ба?
–Жалпы Ресейдің Таяу Шығыста мүддесі үстем. Әрине кез келген әрекеті өз мүддесі үшін. Ресей Башар Асад секілді өз халқына химиялық қару қолданған адамды қолдауда. Бұл – Ресейдің саясаты. Ал біздің өзіндік көзқарасымыз неге жоқ? Біз медиада көшіріп алу арқылы үлкен қателіктер жібердік. Олардың бірі Түркияның Сирияға террор қарсы операциясы қарсаңында біздің бір телеарна «Түріктер Күрттерге қарсы геноцид жасауда деп хабар таратты. Түркия Сирияда Ресейдің қарсыласы болғанменен біздің бауырлас, жақсы дипломатиялық қарым қатынаста, тіпті біздің тәуелсіздігімізді алғашқы болып қабыл алған ел.
–Эмоцияңызды аса білдірмейсіз. Тіпті айтулы бәйгелерден жеңген сәтіңізде де жүзіңізде күлкінің табын байқатпадыңыз. Байрағын биігінен құлатып алған босқын балалармен түскен суретіңізде жымиғаныңызды көрдім. Назгүлдің қуануына себеп болатын қандай сезім?
–Шын мәнісінде, бір бәйге жеңісі, немесе басқа да жеңістер әрдайым қуанта бермейді. Себебі мақсатымыз бәйге жеңу емес. Адамзатқа, келешекке пайдалы іс жасау – мен үшін, ең абзал дүние.
–Адамзат – бүгін адам, ертең – топырақ. «Назгүл Кенжетай » десе жаратылыстың есінде не қалғанын қалар едіңіз. Келер ұрпаққа ауа арқылы нені мирас етесіз?
–Қазіргі таңда маңызды тақырыптар аясында ғылыми еңбектер жазудамын. Жақсы дүниелер үйрету арқылы жадтарда қалу – мақсатым.
– «Тетрис» секілді ойындарда жинаған ұпай ары қарай жалғастыруға мотивация береді. Қақтығыс аймағынан хабар таратудағы мұратыңыз не. Өмір мен өлімнің арасындағы балансты сақтап ақпарат алуға жігерлендіретін қандай ой?
–Қиын әрі мүмкін емес делінген дүниелерді сәтті орындау мотивация береді.
–Көп жеткіншек мектеп қабырғасына арманын көміп кетеді. Мемлекеттік грантты жеңіп тұрса да, шекара асып білім іздеген Назгүлдің арманын өлтірмеген не?
–Алла тағала, әр адамға көтере алатындай жүк береді, сондай ақ, орындай алмайтын арманын қиялдай алатын мүмкіндік бермейді. Армандарымның жолынды қарқынды жұмыс жане натиже ғана алға жылжу стимулын береді.
–Моральдық тұрғыда жобаларыңыздың идеясы тағдырдың жүгін көтереді. Премия алған кезіңіздегі сезім барометріңізді сипаттап беріңізші?
–Әрине керемет сезім, еңбегің бағаланып жатса одан асқан қуаныш бар ма?!
–Референдум –демократиалық диалог. Соңғы кездегі саяси сценарийге қарасақ диктатураның қолжаулығы боп кеткендей. Мемлекетте трагедияны диктатура жасай ма, демократия шынымын қоғамды бақытты ете ала ма?
–Демократия, революция талабы төменгі қабаттан келуі тиіс. Француз револуциясы төменнен, қара халықтан басталды. Қазіргі күнге бүкіл европада сезіледі. Сол үшін мұндай өзгерістер үшін халықта саяси сана өзгеруі қажет.
–Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде адамзаттың бәрін бауырындай сүю қаншалықты маңызға ие деп бағалайсыз? Адамды қасақана өлтіру, адам ағзасының халықаралық қара базарда сатылуы, құлдық қайтсек жойылады?
–Дәл осы сұрақты өзіме де басқаларына да көп сұрадым. Яғни, бұл сұрақтың жауабы менде емес.
–Сіз көре алған әлемнің ең ғажайып нүктесі?
–Ана ошағы.
–Әңгімеңізге көп рақмет!
Сұхбаттасқан Балерке ӘСІЛХАН