Мақпал Исабекова: «Сіздер образымды ашық-шашық деп ойлайсыздар. Меніңше, ол әдемі»
Ашық образдарымен даудың ортасында жүруді әдетке айналдырған отандық танымал әнші Мақпал Исабекова, Shownews каналына берген сұхбатта өзін сынаған халықтың пікіріне жауап берді, деп жазады Oinet.kz порталы.
«Сіздер ашық-шашық деп ойлайсыздар. Меніңше, ол әдемі. Сондықтан мен саламын», - дейді әнші.
«Осы сендердің денелеріңе біреу қызығып қарайды деп ойлайсыңдар ма қалай? Кішкене ұялсаңдар қайтеді?», «Бұлардан Байзақова озып кетті. Енді Мақпал да шешінбесем болмайды деп шешінген түрі ғой. Ал, Мақпалжан, Байзақовамен жарыс. Шешінген судан тайынбас дейді», «Алла сана берсін. Жастықтың жалынымен, ақымақтығымен жасап жатыр дейін десең, ақыл тоқтатқан қыз. Онсыз да естері шығып, желпілдеп жүрген жас қыздар еліктейтіні өкінішті» деп жазды желі қолданушылары.
«Мен 18 жастағы қыз емеспін, 20 жастағы қыз емеспін, 25-тегі қыз емеспін. Менің жасым 35-те. Не істеп, не қойғаныма толықтай есеп беремін», - деп жауап қайырды жұлдыз.
Исабекова жеке басына бағытталған керағар жазбалардың бірін де жібермей оқиды. Алайда, нәтиже шығаруға келгенде өз таңдауына жүгінеді. Өйткені, бұл образ әншінің жүрек қалауы.
«Әдемі деген нәрсені әдемі деп мойындау керек. Сондықтан мен осындай суреттер қоямын», - деді Мақпал Исабекова хейтерлерге.