Қыдырәлі мен Қарақаттың жас кезінде түскен суреті халықты тәнті етті
Белгілі әнші Қарақат Әбілдина өзінің Инстаграмдағы парақшасында күйеуі Қыдырәлі Болмановпен түскен фотосын жүктеді. Фотоға "Махаббат қызық мол жылдар тура 20 жыл бұрын түскен фото. Қыдекеңнің "сүйем сүйгенді,шолпы таққанды"дегеніндей-ақ болған екен ғой", деп сипаттама берген.
Әлеуметтік желіде фотоны көрген көпшілік бұған сүйіспеншіліктерін білдірді. "Неткен әдемі фото", "Махаббатарыңыз мәңгілік болсын", "Әдемі қартайып келесіздер", "Ағамыз толықша әдемі болыпты ғой", "Керемет адал махаббат иелері" деп әншінің оқырмандары жарыса жағымды пікірлер жазды.