Қайрат Нұртас Уәлибек Әбдрайімовқа өлең жолдармен жауап берді

Oinet.kz 26-09-2019

Screenshot_12.jpg

Қайрат Нұртас Уәлибек Әбдрайімовқа инстаграм парақшасында өлеңмен  жауап берді, деп жазады Oinet.kz

Естеріңізде болса, «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында Уәлибек Әбдрайімов Гүлзира Айдарбекованы базарда «Шаншардың» билеттерін сататын, деп сұхбат барысында айтқан болатын. Осыған орай, Қайрат Нұртас тікелей емес, өлең жолдары арқылы жанамалап жеткізген. 

«Қаралауға дайынбыз,

Табалауға дайынбыз.

Кінәсі жоқ жанды да,

жаралауға дайынбыз.

Құлатуға дайынбыз,

Жылатуға дайынбыз.

Жылап болған кезді де, 

жұбатуға дайынбыз.

Өсектеуге дайынбыз,

Кесектеуге дайынбыз.

Біреулердің жиғанын,

есептеуге дайынбыз.

Қайда қылды хайырлы із,

біреуге - жау, уайымбыз.

О дүниеге кім білсін,

Бұл дүниеде дайынбыз»,- делінген парақшасында. 

Screenshot_11.jpg


Қыдырәлі мен Қарақаттың жас кезінде түскен суреті халықты тәнті етті
Боксшы Әділбек Ниязымбетов әнге бет бұрды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×