Төреғали Төреәлі Түркістан қаласына көшіп барды

Oinet.kz 04-03-2026

Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында отбасымен бірге Түркістан қаласына қоныс аударғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Өнер иесінің айтуынша, бұл шешім жай ғана мекен ауыстыру емес, жүрекпен қабылданған қадам. Ол Түркістанды тарих пен руханият тоғысқан, уақыттың тынысы сезілетін қасиетті шаһар ретінде сипаттады.

«Біз бұл қаланы саналы түрде таңдадық. Түркі әлемінің рухани астанасы атанған осы мекеннің болашағына сенеміз. Түркістан тек киелі орталық қана емес, ол – жаңғырудың, жаңарудың, жасампаздықтың кеңістігі. Отбасымызбен осында қоныстандық. Балаларымыз тамырын сезініп өссін деп. Жасаған ісіміздің мағынасы терең болсын деп. Тек жобалар емес, із қалдыратын істер атқару үшін. Түркістан, саған сәлем. Қадірлі Түркістандықтар, сіздерге құрмет. Біз бұл қалаға қонақ болып келген жоқпыз. Біз – бірге еңбек етуге, бірге өркендеуге, бірге тарих жазуға келдік. Киелі мекеннің келешегі – оның бүгінгі қадамына байланысты. Ал біз сол қадамның нық, саналы, батыл болғанын қалаймыз. Түркістан – тек өткеннің мұрасы емес. Ол – болашақтың уәдесі", - деп жазды өнер иесі. 

Айта кетейік, Түркістан соңғы жылдары қарқынды дамып, түркі әлемінің рухани орталығы ретінде танылып келеді.

Жанболат пен Жазира Дубайдан Қазақстанға қайта алмай отыр
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу