Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелінің әйел адаммен көңіл қосқаны рас па?

Oinet.kz 13-02-2025 230

Танымал режиссер, продюсер Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі, актриса Назира Бақаеваның жеке өмірі желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_3.jpg

Көпшілік Назира Бақаеваны жас қызбен "көңіл қосқанын” жарыса жазып жатыр.

Актриса 32 жастағы әйел адаммен түскен суреттері мен видеоларын жеке парақшасына жүктеді. 

TikTok парақшасында Dori.nessa есімді қолданушыны белгілеп, фонына әнші Диана Исмайылдың "Сені кездестіргелі" әнін қойған. Тіпті тікелей эфир кезінде екеуінің “жұп” екенін мәлімдеген. 

Оқырман қауым актрисаның жеке өміріндегі ажырасу соққы болғанын, амалсыздан осындай жолды таңдағанын жазды. 

"Бұл бұрынғы күйеуіне әдейі жасаған ісі сияқты. Назира ажырасқанын ауыр өткерді, қанша дегенмен ұзақ жыл өмірін күйеуіне арнады. Ал ол жас қызбен бақытты өмір сүріп жатыр. Назира енді ешкімге керек емес болып қалғандай", “Олардың арасында махаббат бар. Мамасы мен қызы сияқты дегенге сенгің келеді, бірақ олай емес”, "Не болып кетті", "Мәссаған", "Еркектен жәбір көрген бе? Неге қызды таңдаған?", "Миым қорытпай отыр, шын ба?", “Тікелей эфирде ұятсыз видеоларын көрсетіп, “жүріп жүрміз” деп айтқан”, , – деп жазды көпшілік. 

Қарақат Әбілдина лифтіде балаға пышақ тақаған жасөспірімге қатысты пікір білдірді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу