«Білгенін істеп жатыр»: Мөлдір Әуелбекованың сахнадағы іс-әрекеті сынға қалды (ВИДЕО)

Oinet.kz 22-10-2024 582

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова сахнадағы қылығы үшін оқырмандарынан сөз естіді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

Өнер иесі бейнжазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялады. Видеода әншінің сахнада өнер көрсетіп, артынан жамылғысын жерге лақтыра салғанын көрсетті. 

“Бұл – фонограмма! Оған қоса тәлпіштеніп жамылғыны жерге лақтыра салдым да, сахнада ерігіп, жеңімді түріп тұрмын", – деп әзілдеді әнші.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің әс-әрекетін жаппай талқылап жатыр. 

“Жалаң аяқ жүр ме?”, “Фонограмма екенін мойыдап тұр”, “Жұрт жазып қиналмасын деп, өзі бірінші жазып қойған ғой", "Білгенін істеп жатыр", "Орамалды аяқ астына тастаған", "Өзіне сыни пікірлер жазып, осындай деңгейде әзілдесу әркімнің қолынан келе бермейтін дүние", "Қатырдыңыз, Мөлдір ханым", "Дауыс, харизма деген баршылық", – деп жазды оқырман қауым. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Singer from Kazakhstan

«Үппен келген, сүппен кетеді»: Керімбекова Мұрат Әбділдаға қатысты жазбасы мақсатына жеткенін айтты
«10 жылым бекер кетті»: Мадина Сәдуақасова отбасылық өміріндегі өкінішін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу