«Қазақ жігіттерінің жолы болған»: Мұстафа Сандал қазақ қыздарын жер-көкке сыйдырмай мақтады (видео)

Oinet.kz 10-06-2024 924

Желіде түрік әншісі Мұстафа Сандалдың қазақ қыздары туралы айтқан пікірі тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Шетелдік өнер иесі жеке концертінде қазақ қыздарының ерекше болмысын атап өтті. 

“Қазақ қыздарының еті тірі. Олардың шашы, дене бітімі де керемет! Қазақ қыздары осындай. Сол үшін қазақ жігіттері, маған олай қарамаңдар. Қазақ жігіттерінің жолы болған. Қазақ жігіттері басқа қыздарды көрмеген соң түсінбейді. Тек көрген соң түсінеді. Сондықтан қазақ жігіттері, сіздер бақыттысыздар. Қазақ қыздарының қадірін біліңіздер, бағалаңыздар. Қазақ қызына үйлену – Алланың сізге берген нығметі", – деді шетелдік әнші.  

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі әншінің сөзін қолдаса, енді бірі алданып қалмауға үндеді. 

“Қазақтарды өтірік мақтап қойса болды, естерін жимай қалады”, “Бұл әнші дұрыс айтады. Түріктің қыздары кинодағыдай әдемі емес”, “Әр елге барып, сол елдің қыздарын да дәл осылай мақтап жүр”, “Біз қазақтың қыздары ең кереметіміз”, “Сандал қазақ қыздарын сындырып тастады”, – деп жазды тыңдарман қауым. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАЗАХСТАНСКИЕ НОВОСТИ

«Мектеп оқушысы мүшеқапты білуі керек»: Блогер Нағимуша жыныстық сауат пәнін енгізуді ұсынды
Баян Алагөзова сотқа жүгінбек: оны қорлаған кім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу