«Әйел керек кезде ауызын жабуы керек»: Абай Бегейдің әйелі отбасындағы жанжал туралы ойын айтты

Oinet.kz 19-03-2024 861

Танымал әнші Абай Бегейдің жұбайы, исламтанушы Фариза Жұманова отбасындағы ұрыс-керіс туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Өнер иесінің жұбайы жеке парақшасында сұрақ-жауап ұйымдастырып, оқырман тарапынан қойылған сұрақтарға бүкпесіз жауап берді. Оқырман дені жұлдызбен бір шаңырақ астында өмір сүрудің қиындығын білгісі келген. 

"Ерлі-зайыпты болған соң реніш те болады ғой. Бірақ дәл қазір бізде 1000% түсінушілік. Ұрыссақ та сәлден соң дым болмағандай жүре береміз. Отбасы болу оңай емес, бірақ әйел адам ақылды болу керек. Керек кезде ауызды жауып. Кейін ер адам басылғасын сөйлесіп алуға болады. Біз 1-2 жыл жаман қырылып қалатын едік. Бірақ әр нәрсеге уақыт та керек демекші, қазір шүкір. Арасында ұрысамыз, бірақ тез қайтамыз", – деп жауап берді Фариза. 

Screenshot_2.jpg

Сонымен қатар, Фариза әйел болмысы туралы да сыр шертті. Әйел өзін күтіп, үнемі күтініп жүру керек екенін айтты. 

“Біз әйел қауымы өте эмоцияға берілеміз. Кейде өзіміз бір нәрсені ойлап алып, соған ренжіп отырамыз. Сіз ақылды болыңыз! Сөз ұқпайтын адаммен араласпаңыз. Керісінше, жақсылықты көп жасаңыз. Кең болса, кем болмайсың” деген сөз – менің ұраным. Қыз келіншектер, мүмкіндік болса, көмекші алыңыз! Неше жылдан бері көмекші мен бала күтуші алмағаныма өкінемін! Бала босанғаннан кейін, стресс алып, қатты қиналып қалған едім”, – дейді өнер иесінің жұбайы. 

«Алматыдағы жер сілкінісі шошытты»: Мадина Сәдуақасова Қызылорда қаласынан үй сатып алды
«Ұлым орыс мектебінде оқиды»: Мөлдір Әуелбекова ұлын ренжітіп алғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу