«Бәрібір жәннәтқа кірмейсің»: Оранып, мешіт аралаған Say Mo-ны халық жерден алып, жерге салды
Қазақстандық танымал рэп орындаушы Say Mo жеке парақшасына фото жүктеп, оқырмандарын таңғалдырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Фотодан әншінің Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан әйгілі Шейх Зайед мешітінің алдында тұрғанын көруге болады. Халыққа ашық образдарымен танылған әншінің орамалмен жүргенін жұрт сөз етіп жатыр.
“Дін мен сіз мүлдем үйлеспейсіздер”, “Екіжүзділік деп осыны айт”, “Бұл күндіз ғана имам”, “Жалаңаш болып жүріп, күндердің күнінде хиджаб киіп, коуч бола қалады. Қатындарға дінді насихаттап жүреді. Сондықтан ештеңеге таңғалмаймыз. Осындайларды тыңдау үшін ақша төлейтін қыздарды аяймын”, “Мешітке кіргеніңмен, жәннәтқа кіре алмайсың” “Бұл мешіттің жанына жолатпайтын еді, сіз қалай кіргенсіз?!. Орамалдан шашыңыз бен аяғыңыз көрініп тұр. Ол жақта әйелдердің киіміне қатты қарайтын еді” деп жазып жатыр оқырмандары. Өз кезегінде әнші бір де бір пікірді жауапсыз қалдырмады.
“Үйлесімділік туралы айтатын сіз балгер емессіз, Екіжүзділік туралы сен айтпай-ақ қой”, “Қан қысымдарың көтерілмесін” деп жауап берді әнші.