Ең қысқа және ең ұзақ ән

Oinet.kz 19-01-2024 247

Әлемде ең танымал, ең жақсы, ең сәнді әндердің болатынын білеміз. Ал «Ең қысқа әннің болуы мүмкін бе?» деген сұрақ сізді мазаламай ма? Мұндай композициялық туынды бар. Мұны өзінің белгілі бір дәрежесіне жеткізе «Napalm Death» деп аталатын Ұлыбританияның ағылшын тілді музыкалық тобы орындайды.  «You Suffer» (қазақ тіліне аударғанда – «сен қайғырасың») әні  дәл 1,316 секундты алады. Иә, 1,316 секундты!  Осынысымен де ол әлемдік рекорд жаңартып, Гиннестің рекордтар кітабынан ойып тұрып орын алған. 

Screenshot_9.jpg

Бұл шығарма 1986 жылы Николас Буллен мен Джастин Броадрик «From Enslavement to Oblіteratіon» деп аталатын кезекті жаңа композицияларын шығаруға кірісіп жүрген кезінде дүниеге келген. Кейіннен 1987 жылы жарыққа шыққан. 2007 жылы осы әнге клип түсіріліп, аңызға айналған табысты ән болып музыка тарихында қалды. 

Ал әлемдегі ең ұзақ ән ше? Жақында жаңа рекорд қойылмақ. Әлемдегі ең ұзақ әнді дүниеге әкелу үшін австралиялық музыканттар күн сайын студияға жиналып жүр. Ондай  ерекше шығарманы тудыру тек нағыз музыкасүйер дарындардың қолынан ғана келетін дүние. Әннің жарыққа шығуы үшін Австралияның түкпір-түкпірінен 168 музыкант атсалыспақ. Идеяның авторы, сонымен қатар, болашақ рекордтың  орындаушысы, Австралияның ішкі істер және мәдени мұра жөніндегі  министрі  Питер Гарретт. Ол әрі Сиднейлік  «Mіdnіght Oіl» атты рок-группаның белсенді музыканты. Топтың басты екі мақсаты бар: біріншісі – Nordoff-Robbіns Musіc Therapy (адамдарды музыкалық терапиямен емдеу) қайырымдылық қорының ақшасын түгендеп, орнын толтыру, ал екіншісі –  дарынды тәуелсіз музыканттардың барын көрсету. Сонымен қатар, музыканттар Гиннестің рекордтар кітабына енуді де армандап отыр. Сондықтан олар арнайы сарапшыларды шақырып, концерттен түскен қаражаттың аталған қайырымдылық қорына өткізілетіндігіне көздерін жеткізбек. Олардың қарсыластары да жоқ емес, осы уақытқа дейін The Hoosіers деп аталатын ағылшындық топ 46 минутқа созылатын «Choіces» әнін шығарып қойған болатын. Алға жоспарланып отырған австралиялық музыканттардың композициясы осы ағылшындық топтың қойған рекордынан асып түсер ме екен?! Оған уақыт төреші. 

Аида ӨТЕП

«Ауылға барам» әні қалай жазылды?
«Роза коучтың айтқандарын тыңдап, әйелім үйден кетіп қалды»: Психолог Индира Расылханға жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу