«Түнгі клубтан шығып, ертеңгісі скамейкада ұйықтап жатыр»: Жанар Айжанова хиджаптағы қыздар туралы

Oinet.kz 08-01-2024 2492

Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова қоғамда жастарды адастырушы топтардың көбейіп кеткенін мәлімдеді. Әнші бұл туралы "Adal adam" You Tube бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

"Намаз жұртқа көрсететін абырой емес. Намазды өзің үшін оқисың. Намаз оқыған адамның оранып жүруі міндет пе, міндет емес пе білмеймін. Орамал ештеңеден құтқара қоймайды. Бізде намазға келгенге дейін, намазға келгеннен кейін деп бөледі. Намазға келгенге дейін ол кісі өлтірді ме, ұрлық жасады ма? Менің ойымша, қыздар хиджабты біреудің ықпал етуімен киеді.Ол оған әлі дайын емес, имандары тілінің ұшында. Иманды жүрекке сіңдіру де үлкен жұмыс. Намаз жан-жаққа реклама жасамай, үйде оқитын нәрсе. Хиджабты шешіп жатқан қыздарымыздың имандары әлі әлсіз. Басында қатты кетеді, уағыз айтып шығады, және бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай бәрінің уағызы бір-біріне ұқсайды. Сыртта басқа, үйде басқа нәрсе көрсетіп, хиджаб кигізіп қойып бірнеше қатын алып, оларды талақ қып лақтырудың сұрауы бар", - дейді ол.

Сондай-ақ, әншгі журналистің "Хиджаб киетін жұлдыздарға ақша беретіні рас па" деген сұрағына да жауап берді.

"Мен естідім, секта деп айта ма, төлейді деді. Өйткені, хиджаб киген қыздардың әке-шешеден төмен қарай сыбап, неше түрліні айтып, еркектерді боқтап жатқанын көрген кезде мынау адам емес қой деп ойлайсың. Көрген қыздардан естуім бойынша, танитын қыздарымыз түнгі клубтан шығып, ертеңгісі скамейкада ұйықтап жатыр дейді. Ол өзін-өзі алдап жүр. Осындай ұйым болса, иманы әлсіз адамдарды таңдап алып, бір-екі мақал, хидисін айтып миын улап, бірден қатты кетеді. Қатты кеткеннен кейін ана байғұстың артында әдеті тартып тұрады. Болмайын десе, ана жақтан алған ақшасы бар, хиджабты киіп қойды. Содан кейін, бір қызығы, олар хиджабты бірден шешіп тастаймайды, басына кепка киеді, кейін оны да шешіп баяғы қалпына келе бастайды. Одан баяғы қалпы дұрыс еді. Қазір қоғамда адастырушылар көп", - дейді әнші. 

«Көптен күткен арманым»: Ақбота Нұр қуанышты жаңалығын бөлісті
«Ауылға барам» әні қалай жазылды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу