«Тілімді қышытпай отырыңдар» - Төреғали Төреәлінің туған қарындасы ағасын қорғап жазба қалдырды

Oinet.kz 15-06-2023 6810

Есірткі шегіп, мас күйінде көлік жүргізген әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі әлеуметтік желіде ағасын қорғап, жазба қалдырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

"Осы жолы үнсіз қалмаймын! Кімді өсектерлерін білмей отырғандарға таптырмас жағдай болыпты. Бәріңді Аллаға тапсырдым! Сүрінгенге жұдырық болған әрқайсының жазаларын осы өмірде берсін! Айтарым көп.Бүкіл әлем қарсы шықса да, мен туғанымды соңғы деміме дейін қолдаймын!", - дейді Дина Төреәлі.

Ол қолымнан қолымнан келсе, біраз нәрсе істер едім бірақ бір Алланың өзі жеткілікті деп отыр.

"Видеода көрген өтірік геройлар туралы жазарым көп. Кім не десе де, аяқтан шалса да, ол біз үшін ең мықтысы. Алланың оған берген рухы мен мінезін тартып аласыздар ма? Қолдарыңнан басқа не келеді? Қазақтың басқа мәселесін шешу ма? Бұдан әрі қарай ашып дым айтпай-ақ қояйын! Қазақтың шырылдаған кішкентай 5 жасар қыздарын зорлап бостандықта шалқып жүрген педофилдерді солай ұстаңдар! Мықты болсаңдар! Тілімді қышытпай отырыңдар", - дейді әншінің қарындасы.

Төреғали Төрәлі тағы да заң бұзып, ел назарына ілінді
«Тоқал болатын шығармын»: Екі рет тұрмыста болған блогер жас келінге ақыл айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу