«Ақша берсем басқаша болар ма еді» - Роза Әлқожа тағы бір әңгіменің шетін шығарды

Oinet.kz 13-07-2022 9345

Әнші Роза Әлқожаның қызының бойы 2см жетпей қалғаны үшін академияға қабылданбай қалғанын жазған болатын. Ол енді инстаграм парақшасында ақша беріп, алдына бармағаны үшін қызын қабылдамады деген әңгіменің шетін шығарып отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

"Талантын білмей тұрып емтиханға кіргізбей, баланы көрмей тек бойға бола қабылдамау - әділетсіздік! Заң тұрғысынан келгенде де ешкім құптамайды. Ол оқу орны өзінің жекеменшігі емес!

Бір бойына қарап, бір жыл ойына қарап ойына келгенін істейтін басшы академияны сатып алып па?! (Сыйынғанынан сүйенгені мықты шығар да?!))

Мен мысалы балама ризамын. Жақсы оқыды. Ұстаздары алғыс айтты. Өнердің қиындығы сол - ол үшін ешкім ән салып, роль ойнап бере алмайды!",- деп жазды әнші.

"Ал, енді өзі колледжге, емтиханға жіберген комиссия төрағасын мойындамайтын, өз колледжін өзі қабылдамайтын ректордың шешімі дұрыс емес деген пікірімнен қайтпаймын! Тұңғышбай аға мысалы баланы өзі таңдап алды ғой осы кезге дейін!

Ұл-қызымды жеткізсем деп жанталасып жүрген мені әйел деп сыйламай ма тым құрыса?! “Розаның қызын алмаңдар!” деп принцип ұстап не көрінді? Мен не істедім оған?

Осындайда өмір көрген, тәжірибесі бар басқа актер емес, неге жас жігітті қойды екен деп ойлайсың!..",- деп Азамат Сатыбалдының қызметіне көңілі толмайтынын ашық айтып, сынапты.

"Құдай көптің тілеуін береді. Көп балалы ана деп те қарамады-ау?! Сосын өнерпазды өнерпаз қолдамаса не болды сонда?!

Тым құрыса телефон алмайды. “Не істейміз сонда?” дегенде “үмітіңді үз!”демей ме жүрегіміз жарылса да?!

Қызым үшін шырылдауға, шындық айтуға дайынмын! Дүние жинамаған, халықтың махаббатынан басқа байлығы жоқ мені менсінбеген болар?!

Асанәлі ағаға өтінсем, адам ретінде сұрадым тыңдар деп. Мені ұнатпаса - қызымның не кінәсі бар?!

Ақша берсем, алдына барсам басқаша болар ма еді, қайдан білейін?!

Алла қызыма бақ берсін деймін!",-деп түйіндеді Роза.

Ал академия ректоры Азамат Сатыбалды болса, бұл мәселеге қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

«Жап-жас жігітке тиіп алыпсыз»: Шахизаданың жас жігітпен билеп жүргені қызу талқыға түсті (видео)
Амилай Баймұратованы түрік жігіттері зорлап кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу