"Келінге келін болған 67% аналарым-ай": Ләйлә Сұлтанқызы

Oinet.kz 22-06-2022 1014

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы "әйел бақытын" эфирде емес, өз парақшасында сөз етіп жүр деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Атап айтсақ келін шаруасына ененің қолұшын созуы қалыпты жағдай болуы керек дегенді айтады Сұлтанқызы.

Screenshot_4.jpg

"Келінге келін болған 67% аналарым-ай. Өткенде өткізген сауалнамада 5851 қыз-келіншектің “анам – келініне келін” деген жауапты мен былай қабылдар ем.

Әр ана баласының әйеліне денсаулығы жарап тұрса, қолы бос кезде көмектеседі. Мен келін болып түскенде енем болмады. Ертеректе қайтыс болған. Түсінбейсің дерсіздер, мейлі, бірақ Дишинкамның 3 келіні бар. Көзім көріп отыр ғой, арасында жұмсап, өзі де қазан-ошаққа араласып отырады. Етті сүйт-бүйт, зауаланы былай иле, кииітке мынаны қос дегенін естіп өстік. Білмегенін үйретсе, несі айып, келін жоқ болған кезде тамақ жасаса, несі жаман?

Есті келін біраз уақыттан кейін бәрін өзі-ақ істейді ғой, қолынан ештеңе келмесе, үйреткенді үйренбесе амал жоқ отырғаны сол шашылып, бығып, сасып.

Келінге келін болған жақсы, келінің болса. Енеңе келін болған қандай күшті, енең болса",  – деп жазды ол желіде. 

"Біз де A.Z-ді қосқымыз келеді": атышулы бойзбендке Зенкаевтің қайта оралуы мүмкін емес
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі сиырды қалай сауу керектігін көрсетті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу