Әнші Маржан Арапбаеваның биі желіні шулатты (видео)
Әнші Маржан Арапбаева жас жігіттермен TikTok түсіріп, желіні шулатты. Видеода 43 жастағы әнші жастардан қалыспай би билейді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Видеоны әнші Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Бейнежазбада Арапбаева бүгінде хитке айналған "Тойға шашу" атты әнге билеп жатыр. Әрине жалғыз емес, сол хит әнді орындап шыққан "Меховая 8/1" тобының жігіттерімен бірге.
- Мәссаған, Түркістанға келіп хит әнге TikTok билеп кеттік қой. Бәрі аяқ астынан болды. Бастысы жігіттер қолдады, — дейді Маржан Арапбаева.