Мадина Сәдуақасова: «Ешкімге айтпау мен үшін өте қиын болды» (видео)

Oinet.kz 14-09-2021 5504

Белгілі әнші Мадина Сәдуақасова Тамара Асарды перзентханадан шығару рәсіміне қатысып, оның жүкті екенін жарты жылдан бері жасырып келгенін айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба арнады.

Мадина мен Тамара.png

- Кеше күшті қылып Тамараны бөпесімен перзентханадан шығарып алдық. Папасы бір де бір жанға Ажар қызымызды көрсеткен жоқ , ешкімді жолатпады. Енді Тамидың қызын көру бәрімізге арман болды-ау! Тағы да, құттықтаймын, Тами ! Сен құпияға мықтысың ғой , сенің бөпелі болатыныңды жарты жыл бұрын біліп, ешкімге тіс жармау мен үшін өте қиын болды! Ажардың конвертының шетін ұстап ішімнен тілек айттым, сол орындалсыншы! - деп жазды ол. 

Әншінің бұл жазбасына желі қолданушылары пікірлерін жазып, жылы лебіздерін білдіруде.

- "Жаным Мадикош, ниетіңе үлкен рахмет!!! Саған да жұғысты болсын жаным, Ануартайдың артынан бөпелер ере берсін!", "Сізге де тәтті қыз нәсіп етсін Жаратқан", "Мотивация дегенің осы! Табиғи, шынайы үлгі. Үміті сөніп, арманы сөне бастаған қыз-келіншектер үшін Тамараның қуанышы - шамшырақ сияқты. “Міне, сәуле!” дегендей. Армандар орындалады! Құтты болсын. Өзіңе де жұғысты болсын!", "Жұғысты болсын барша әйел затына", "Тұрмыска шыққаны жақында еді ғой туып алдыма уже", "Аумин! Алла ақ тілегіңді қабыл етсін! Өзіңдей сұлу қызды бұйыртсын!! Беруші Алла, берерінен танбасын! Әмин!", "Сізге де жұғысты болсын!!!Бәрі күтпеген жерден болады!" - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Танымал әнші тұрмысқа шығып, жолдасын көрсетті (фото)
«Тәуекел басқа адам» - Тәуекелдің жары тұңғыш рет сұхбат берді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу