Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Белгілі әнші Алтынай Жорабаева Тоқаевқа үндеу жасады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
Әнші еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жыныс ауыстыруға рұқсат беру туралы заңына қарсы екендігін білдірді.
- “Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді!
Адамнан иман кетсе , ұят кетеді”
Денсаулық сақтау “министрі, Алексей Цой , жыныс ауыстыру отасына рұқстат қаулы шығарды! Тегін!
Президент мырза! Сонда қалай? Осы жағдайдан бейхабарсыз ба? Қандай мемлекетке айналып бара жатырмыз?! ЛГБТ-ның жағдайы үшін барлық жағдай жасауға дайынсыздар ма, сонда? Әлде, сіздің рұқсатыңызсыз білгендерін жасап, ойларына келген қаулы шығара береді ме? Мынау “министр” Қазақстан халқына басынып отыр ғой! Алланың қаһарына ұшырап кетпесек болғаны! Қаншама мұқтаж отбасы бар, қаншама ауру балалардың еміне дәрі таппай отыр? Ал жыныс ауыстыруға рұқсат беріп! Ол қаншама қаражат?! Мына сұмдықты тоқтатуыңыз керек!!! Діни басқарма не қарап отыр? - деп жазды Алтынай Жорабаева.