Анасына ән арнаған белгілі әнші көпшілікті жылатты (видео)
Белгілі әнші Нұрболат Абдуллин анасына ән арнады. Әнші Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы "Анашым" әнін салды. Бұл видеоны ол Instagram парақшасында жариялады.
- Анаңыздың есімін жаза кетіңіз. Аналарға алғыс! - деп жазды ол.
Әсерлі әуенді тыңдаған көпшілік әншіге ыстық лебізін білдіруде.
- "Анашым ғұмырың ұзақ болсын, әкеммен жүз жаса. Алдарыңызда перзенттік парызымды орындауды Алла нәсіп қылғай", "Бала кезімде мектепте айтушы едім осы өлеңді", "Анашым Жәннәтым жақсы көрем ғой сізді", "Анамның есімі-Зылиха. Сізді қатты жақсы көремін. Ұзақ жасаңыз", "Айнұржамал. Мені өте қатты жақсы көруші еді. Анамды қатты сағындым,еркелеткенін сағындым!Жан анам жаның жәннәтта болсын!" - деп жазды желі қолданушылары.