«Ееей Қақат-ай күн ұзаққа асүйден шықпайтын әйелге айналдың» - Қарақат Әбілдина

Oinet.kz 26-02-2021 2936

Белгілі отандық әнші Қарақат Әбілдина соңғы уақытта өзінің қатты өзгергенін жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Қарақат Әбілдина.jpg

- Суреттегі Қарақатқа қарап отырып ойланам. "Ееей Қақат-ай, сықиған макияж, қатқан шаш үлгісі, тастай режиммен жүруші едің. Енді қара, айналып күн ұзаққа асүйден шықпайтын, еш реттеулі тұрмайтын үйді қайта-қайта жинайтын, нағыз шаруа, пысық, епті әйелге айналдың. Е Алла, көрсеткеніңе шүкір" - деп қоям.

Адам деймін, жиі өзгере ме қалай?! Ойың, қалауың, пікірің, құндылығың - бәрі де уақыт өте келе жағдайына қарай түрлі күйге ене береді екен-ау... Жылдан-жылға ақылға ақыл, ойға ой, сабырға сабыр қосыла береді екен.

Не болғанда да өзіңді сол қалпыңда қабылдап, өзіңді құрметтеп, өз құндылықтарыңды қадірлей отырып, айналаңды да ұға бересің, өзгенің қалауы мен шешіміне құрметпен қарайсың. Бұрынғыдан көп ойлайсың, ойланасың. Қоғамға сырттай көп көз саламын. Ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, сенім-наным, әдет-ғұрып, оқу-білім, жаңа ғылым, шұбар тілім... Әр жайға бір көз жіберіп, ойды ой жетелеп, ұйқы аз, күлкі сирек.

Затым әйел, тұғырым -ана болғандықтан, кейінгі сіңлілерге, замандас құрбыларға, жолы үлкен әпкелерғе ғана үн қоса аламын. Парақшамдағы халықтың көп бөлшегі - өзімдей нәзік жандылар ғой. Қалай ойлайсыз, осы бізге күндегіден де білімді бола беру керек сияқты. Жазған бір ауыз сөзінен-ақ адамның ой-өресін, білімінің бағасы көрініп қалады. Шынында қазақ қызы, қазақ әйел-анасы о бастан мықты, оған шүбә жоқ. Ақыл, сабыр, мейірім, жақсылық, еңбек, қайырым жинайық! -деп жазды Қарақат Әбілдина.

Әншінің жазбасына көпшілік түрліше пікірлер білдіруде. 

- "Сөз саптауыңыз бен тіл байлығыңызға сөз жоқ", "Қарақат ханым сіз сондай керемет ана, жар, ұстаз, өнер адамысыз. Сізге сондай тамсана қараймын", "Қазақтын нағыз әйелісіз ! Отбасы, өнер, ана, ақылды әйел бәрі-бәрі бойыңызда бар! Сіз нағыз Қазақтың қызысыз! Алла тіл-көзден қорғасын сізді және баршамызды! Қазақтың әрбір қызы сіздей болсын деп тілеймін!", "Сіз секілді әйелді үлгі тұту керек. Ақыл айтса тыңдап, үлгі тұтыңыздар. Ана бірнеше байдан ажырасқандардың ақылын тыңдамай", "Қашанда керемет ой толғанатын тамаша пікірлер жазасыз. Мен көп оқып көп нәрсе білетін сияқты едім. Әдемі сөзбен мәнерлеп, кестелей өрнектеп жазасыз.Сіз ақын, жазушы немесе мен сияқты филолог емессіз, әншісіз ғой. Керемет. Рахмет", "Нағыз қазақ аруының сөздері. Құрметке лайықтысыз! ", "Осы табиғи өңіңмен сүйкімдісің. әдемісің" - деп жазды желі қолданушылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАРАҚАТ (@karakat_a)

Димаш Құдайбергенов әлеуметтік желіде көрінбей кетті (фото)
Мақпал Жүнісова мен қызы Мерейдің суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу