«Қазақ даласының қадірін сыртта жүріп сезіндім» - Қарақат Әбілдина (видео)

Oinet.kz 18-02-2021 2268

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина қазақ даласын сағынғандығын жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Қарақат Әбілдина.jpg

- Сағынғанды сағындым

Жырымды алғаш тыңдаған

Ауылымды сағындым.

Қош айтып қол бұлғаған

Бауырымды сағындым.

Ақша бұлты жарасқан

Аспаныңды сағындым.

Қуыршақ ойнап таласқан

Достарымды сағындым.

Еркелеткен жасымнан

Ағаларды сағындым.

Мейірім төккен асыл жан –

Жан анамды сағындым.

Таң нұрымен даланың

Жайнағанын сағындым.

Әнші құстар таң әнін

Сайрағанын сағындым.

Жазғы кеште тербеткен

Самалыңды сағындым.

Кеше ғана сенде өткен

Бала күнді сағындым.

Қасиетті қазақ даласының қадірін сыртта жүріп сезінбеу әсте мүмкін емес. Сағынышымды осы бір әнмен жеткізім отырғаным деп біліңіз. Ал сіз ше қадірменді халайық! Өміріңіздің қай кезеңін, тағдырыңыздың қай тұсын сағынышпен еске аласыз? - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАРАҚАТ (@karakat_a)

Қайрат Әділгерейдің жарымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
«Әке-шешем ит болсын деп емес, әнші болсын деп тәрбиелеген» - Аманғали Сыпабеков
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу