«Қай жерде тұратынымды өзім шешемін» - белгілі продюсер (фото)
Елімізге белгілі продюсер Алуа Қонарова өткен жылдың көктемінен бері Түркия елінде тұрып жатыр. Шоу-бизнес өкілі ол жерге анасының қасында болу үшін барған. Алайда, бауырлас мемлекетке кеткен продюсердің бұл әрекетін кейбір оықрмандар өз отанына деген сатқындықпен теңестіре бастаған. Алуа Қонарова өзін негізсіз кінәлап жатқандарға жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы Қонарова Instagram парақшасында жазды.
- Соңғы кезде менің бойымда патриоттық сезім мүлдем жоқ деп айыптауда. Біреудің алдында есеп беруге, тіпті ақталуға зауқым жоқ. Мен ешкімге қарыздар емеспін ғой? Солай емес пе? Мен салық төлемшілердің ақшасына өмір сүріп жатқан жоқпын. Бюджетті немесе тұрғындардың банктегі жинақтарын ұрлап, шетелге миллиондармен қашып кеткен жоқпын. Отаныңа деген махаббат онда тұру мен мұнда пікір жазумен есептелмейді. Бос әурешілік пен жай сөздер. Мен өз мемлекетімнің өнер саласына елеулі үлес қостым деп айта аламын. Менің әртістерім Қазақстан туын көтеріп, түрлі халықаралық байқаулар мен концерттерде өнер көрсетті. Сонымен қатар, мен өзіме қолайлы жерде тұруға толықтай құқым бар екенін нақты білемін. Мен өзімнің сүйетін Қазақстаныма міндетті түрде қайта ораламын. Мен біздің жүйеде айтарлықтай өзгерістер орын алғанын түбегейлі түсіну үшін қайтып келмекпін. Содан кейін нақты шешім қабылдаймын. Кіммен, қалай және қай жерде тұратынымды өзім ғана шешемін. Бұл тек менің өмірім, - деп жазды ол.