Мейрамбек Беспаев өзін іздеген әжеге сыйлық беріп жіберді (видео)

Oinet.kz 07-02-2021

Отандық танымал әнші Мейрамбек Беспаев өзіне желі арқылы ақ тілегін жаудырған Қызылордалық әжеге сыйлық беріп жіберді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

WhatsApp Image 2021-02-06 at 20.39.22.jpeg

- Саламатсыз ба апа! Мейрамбек балаңыздың сәлемдемесін аранайы Алматыдан алып келдім. Мынау сізге шәй ішсін деген тәттісі мен аранайы камзолы. Мейрамбек балаңыз сәлем айтып жатыр, жүз жасасын дейді. Немере шөбереңіз көп болып, шөпшек сүйсін, - деген әншінің ізгі тілектері мен сәлемдемесін Мәмбетжан атты ер адам алып келді.

- Өзі де мың жасасын балаларының рахатын көрсін. Ауырып жүр дегенсоң, әжептеуір уайымдап қалдым. Қазақтың аты шығып жүрген баласы еді деп тілеуін тіледім. Мейрамбек баламды Қыдыр баба қолдасын деп, - әже өз батасын беріп, рахметін айтты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Қатты тисе де, ащы шындық... (@shyndyq.kaz)

Мейрамбек Беспаев өзіне желі арқылы ізгі тілегін жаудырған әжемен сөйлесті (видео)
«Сырын айтып отырмын» - Қарақат Әбілдина жолдасы туралы сыр шертті


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×