Марат Омаров Димашқа ерекше ұсыныс жасады (видео)

Oinet.kz 16-10-2020 1209

Қазақстандық белгілі әнші Марат Омаров өзінің ерекше арманы бар екенін айтты. Эстрада жұлдызы Қазақстанның тума таланты Димаш Құдайбергеннің азан айтқанын естігісі келетін болып шықты. Ол өнердегі інісінің кең диапазондағы даусы мына қиын кезеңде тыныштық пен жақсылықты шақыратынына сенімді деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Марат Омаров Димаш Құдайбергенмен байланысты арманы туралы "Алматы арнасының "Paparazzi" бағдарламасында айтып берді. Ол ғажайып дауысты қазақ әншісі азан шақырған жағдайда, көптеген адамның ой-санасы өзгерер еді деп есептейді. 

- "Димашқа енді бір ауыз айтса болар еді. Әке-шешесіне де айтамын. Қазіргі кезде біз имандылықты серік қылған, өзі текті, жүрегі түкті, рухы биік күшті қазақпыз ғой. Соның ішінде жұлып, жарқырап шыққан Димашымыз әлемді таңғалдырып жатыр. Сол Димашқа айтар кішігірім ұсынысым бар еді. Арманым десе де болады. Егер Димаш сол диапазонымен мұсылманшылдық тұғырда елімізге тыныштық пен жақсылық келу үшін азан айтса деймін. Сонда бүкіл адамдар, бүкіл әлем, бүкіл дүниежүзі соған бұрылып, ой салар еді. Міне, менің асқақ арманым осы" , - деп ағынан жарылды Марат Омаров. 

Әзірге Димаштың бұл ұсынысқа қалай жауап бергені белгісіз. Ол өнердегі ағасының арманына қатысты пікір де білдірген жоқ. Айта кетейік, бұған дейін Қытайдағы жас жұбайлар үйлену тойын Димаштың құрметіне арнағанын жазған болатынбыз. Қос ғашық дүбірлі шарасының тақырыбын сүйікті әншісіне арнауды жөн көрген. Олар қазақ әншісінің Қытайда өткен барлық концерттерінде болып қайтқан. 

Тұрсынбек Қабатовтың кенжесімен түскен суреті елді сүйсіндірді (фото)
Әбдіжаппар Әлқожа беташарда бір уыс ақша шашты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу