Қазақстандық "Жау жүрек мың бала", "Ағайындылар" сынды фильмдермен танылған танымал актриса Әлия Әнуарбектің жары қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қайғылы хабарды марқұмның досы, дизайнер Гүлжан Аркен Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді. Оның айтуынша, акрисаның жұбайы Азамат 17 қыркүйекте қайтыс болған.
- "Көмек қолын соза алғанымызда ғой, шіркін, бірақ сен ешкімге салмақ түсіргің келмей, нағыз жауынгердей соңына дейін күрестің, жеңіп шығарыңа сенімді болдың", - деп жазды ол.