Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қазақстандық белгілі актер Сәбит Әбдіхалықов әлеуметтік желіге аса ерекше жазба жариялап, ел арасында қызу талқыға түсті. Әзілкеш Төле бидің айтқан нақыл сөзін мысалға келтіре отырып, әйелдердің бір-бірінен артықшылығын атап өткен, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы актер Instagram парақшасында жазды.
Сәбит Әбдіхалықов Instagram парақшасында үнемі бір астарлы сырға толы жазбалармен бөлісіп тұрады. Бұл дәстүрді өнер иесі бұл жолы да ұстанған. Бірнеше мәрте үйленген актер Төле бидің әйелдер жайлы айтқан сөздерін ел назарына ұсынып, көпшілікті ойландырып қойды.
- "Төле би айтқан: Жылқыдан жылқының артықшылығы етінде де емес, жүзден жүйрік тұлпарлығында да емес. Түбінде біз оны жейміз. Сондықтан бір-ақ асым еті артық. Ал қатыннан қатынның артыұшылығы сұлулығында емес, тұла бойында да емес. Сұлу болсын, болмасын. Әр қатынның өзіне жарасымды қылығы болады. Сондықтан қылығы артық. Ал жігіттен жігіттің артықшылығы, ол мыңды басқарған батыр болсын, қол басқарған қолбасшы болсын, ел басқарған хан болсын. Артықшылығы онда емес. Ер жігіттің артықшылығы бір-ақ ауыз сөзінде, сол сөзінде тұра білсе" , -деп жазды актер.
Желі қолданушылары Әбдіхалықовтың жазбасының астына пікірлерін жаудырып, бұл мәселені қызу талқылап тастаған. Олар үш рет отбасылы болған отандық жұлдыздың түсінігіне тамсанып, оған жылы оебіздерін білдірді.
- "Өте жақсы айтылған. Ер адамдар сөздерінде тұрып жүрсе керемет болар еді" , "Өте орынды нақыл. Келісемін, жарайсыз" , "Тауып айтқан. Осыны түсініп жатқаныңыз дұрыс болған" , - деп жазуда көпшілік.