Белгілі әзілкеш Дәурен Айдарқұловтың жағдайы қиын
Әзілкеш Дәурен Айдарқұлов үшін желі қолданушылары аса қатты алаңдаулы. Көпшіліктің уайымын белгілі актердің желідегі екі ойлы жазбасы тудырған. Оқырмандар тіпті өнер иесі екінші рет ажырасқаннан кейін күйзеліске түсіп кеткенін болжауға кірісті деп хабарлайды Oinet.kz.
Айдарқұловтың халық арасында қызу талқыға түскен жазбасы Instagram желісінде жарияланды. Көпбалалы актер от жағып жатқан суретін жариялап, оның астына "Үй бар. От бар. Жылу жоқ" деп жазып қойған. Желі қолданушылары бірден әзілкештің мұндай күйге түсуіне Ақбота Сейітмағамбетпен ажырасып кеткені себеп болған деп топшылады. Алайда, өнер иесінің бұл жазбасына қатысты көпшіліктің ойы әр түрлі болып шықты. Бірі Айдарқұловты өмірінде қиын кезеңді өткеріп жатқаны үшін қолдап жатса, енді оның қазіргі күйіне алаңдаушылық білдірген.
Ал кейбір оқырмандар белгілі актердің екі рет ажырасып, отбасының шайқалуына оның тұрақсыздығы кінәлі деп жазуда.
- "Сол жылуды өзің құрттың" , "Тұрақсыздығын кінәлі", "Бір әйелден кейін, екіншісіне кетіп қалған өзің" , "Мол жылуды құртқан бір өзіңсің" , "Жаны жараланып тұрса одан сайын айыптағаннан не табылады. Ол да пенде, періште емес. Дауренді кінәлау арқылы, табалау ұпай жинаймыз ба? Алла солай қалады. Дәл солай болуын. Сондықтан әр істе хайыр бар", "Бәрі сәттімен. Алланың маңдайыңа жазғанынан қашалмайсын. Жұртқа сырт көзге адамды айыптау өте оңай. Бұның бәрі сынақ деп білем" , "Мықты болыңыз" , "Әлі де бақытты күндеріңіз келеді" , "Күйзеліске түскен сияқты" , - деп жаздуа көпшілік.