Димаш Құдайберген Қазақстандық шенеуніктерді қатаң сынға алды (жазба)
Отандық танымал әнші Димаш Құдайберген Астана күніне арналған отшашуды сынға алды. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz.
- "Отшашу ненің құрметіне ұйымдастырылды? Біздің коронавирус жұқтыру бойынша бірінші орынға шыққанымыз үшін бе? Астанада отшашу ұйымдастырып жатқанда, адамдар оттегі баллондарын таба алмауда! Осылай жалғастыра беріңіздер, келесі жылы тойлайтын адам да қалмайды...", - дейді Димаш Instagram парақшасындағы жазбасында.
Көпшілік әншінің бұл жазбасын қолдап, өз пікірлерін жарыса жазып жатыр.
- "Дұрыс айтасың, үнемі халық жапа шегеді", "Күн сайын өлім, жаназа. Халқыма сабыр берсін", "Жылап отырмын, жұрт кедейленіп барады", "Халықты тыңдайтын адам жоқ, жүрегім ауырып жатыр", "Ақшаны желге шашты. Адамдар өлім мен өмір арасында тұр, бұл- нағыз мазақ", "Халықтың саны азайып жатыр" - десті олар.