«Қайрат Нұртастың әндерін тыңдап қазақ тіліне ғашық болдым» - түрік қызы

Oinet.kz 02-06-2020 2882

Қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан түрік қызы Зейнеп Жұмадолда қазақ тілін үйренуіне Қайрат Нұртастың әндері себеп болғанын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

- Қазақ тілін үйрену алғаш Қайрат Нұртастың әнін тыңдағаннан басталды. Youtube каналынан бейнебаяндарын көретінмін. Содан бастап қазақ тіліне деген сүйіспеншілігім арта түсті. Маған өте жақын тіл екенін сезіне бастадым. Осыдан кейін қазақстандық барлық әншілердің әнін тыңдап шықтым. Фейсбук арқылы өзіме қазақ достар таптым. Кейіннен бір түс көрдім. Түсімде биік жерге шығып жатыр екенмін. Қарасам, сол жерде үлкен бір көк ту желбіреп тұр. Оған дейін оның Қазақстан туы екенін білмейтінмін. Тудың ар жағынан жарық сәуле түсіп тұр екен. Біраз уақыт өткен соң интернеттен қарасам, түсімдегі Қазақстанның туы болып шықты. Сол кезде таңқалдым. Содан қазақ тілін терең үйрене бастадым, - дейді түрік қызы. 

image.png

«Қожа болғанымен рухы таза қазақ» - Төреғали Әбдіжаппар Әлқожа туралы
Алтынай Жорабаева көптен жасырған күйеуін көрсетті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу