«Реніш болды»: Төреғали мен Жандарбек Бұлғақов не себепті араласпай кетті

Oinet.kz 28-04-2020 1447

Қазақ эстрадасының белді мүшесі Төреғали Төреәлі айтыс өнеріндегі досы Жандарбек Бұлғақовпен арақатынасы туралы бар шындықты ашып айтты. Айтыста жүргенде арасы ажырамас дос болған екеуі кейіннен араласпай кеткен. Оған не себеп болғандығын әнші "instagram" парақшасында ашып айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

14da8069-1368-40fe-949c-e1cc7baf27b4.jpg

- Бұл есімді ешкім көп біле коймай тұрғанда мен өте жақсы білуші едім. Жұрт сыртына тамсанып жүргенде мен бұл жігіттің ішінде, көңілінде, жүрегінде жүретінмін. Қатты доспыз. Бала кезден, бал шақтан. Қатар өстік, тай-құлындай тебістік, небір ортақ қызықтарымыз болды. Бізде ара қашықтық деген болмайтын. Қайсымыз қай қалада жүрсек те ұшып сағынып кетсек ұшып бара салатынбыз. Жәкең отау құрғанда мен жігіт жолдас дегендей ғой общым Неге өткен шақпен сөйлеп отыр демеңіздер, қазір де арамыз ажырап кеткен жоқ. Бірақ біраз салқындап кеткен уақыт болды. Адамның беті шыдамайтын, кешірімге келмейтін кемшіліктер емес, балалықтың шалығымен жүріп аз-маз өкпе-реніш болды  - дейді әнші. 

Бірақ, уақыт өте келе ол реніштің ұмытылғандығын, қазіргі таңда екеуінің арақатынасы жақсы екендігін жеткізіп, айтыстың саңлағы Жандарбек Бұлғақовты жекеменшік мерекесімен құттықтады. 

- Бірақ шүкір, қазір бәрі дүрыс. Адамға балалық не үшін қымбат, жастық не үшін қымбат, қайтып келмейтін сәттерімен, есіңе түссе кеудеңді қытықтайтын тәтті естеліктеpімен қымбат. Маған Жандарбектің бойындағы талай қасиет үлгі болды. Айтыстағы алым-шалымы, ортадағы жатыпатар әзілдері, кісімен мәмілесі бәрі-бәрі анау-мынау жігіттің бойынан табыла бермейді. Әйтеуір қазір бір-бірімізге тілекшіміз. "Сөз қадірі-өз қадірің" атты онлайн тренинг өткізіп жатқанын көріп қуанып қалдым. Оның жайын одан артық білетін кім бар, сәттілік! Кеше ғана өткен туған күніңмен, "ЈАХ",Алла екі дүниеңе амандық, жақсылық берсін. Көңіл баяғыдай. Өзіңмен бір күнде туған күнін тойлаған атұстарың да өзіңнен асып туған азамат болсын! - деді Төреғали Төреәлі. 

«Бір шанс бер дейді»: Әуелбекованың бұрынғы күйеуімен қайта қосылатыны рас па
Ердос Қанаев: «Мұндай суреттерді жариялауға арланбаймын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу