«Көмек сұрағам»: Әуелбекова өзін басшылық қызметке кім ұсынғанын жайып салды

Oinet.kz 24-04-2020 2988

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өзінің басшылық қызметке тағайындалуының артында кім тұрғанын айтып берді. Өнер иесін лауазымды орынға өнер саласындағы сыйлы адамдардың бірі ұсынған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ

Screenshot_1.jpg

Мөлдір Әуелбекова бүгінде "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық қызметінің басшысы қызметін атқарады. Эстрада жұлдызының аталмыш орынға келуіне белгілі композитор Жеңіс Сейдоллаұлының үлесі зор болған. Әнші өнердегі ағасы оны бұл қызметке қалай ұсынғанын еш бүкпесіз баяндап берді.

 "Барлығына топырақ шашуға болмайды. Жағымсыз жағы да бар. "Бәке, Жәке" деп жұмысқа кіретіндер және өз еңбегімен, білімімен көтеріліп жақсы жетістікке жетіп жатқандар да аз емес. Менің жағдайымда - Алматы қаласында Жеңіс Сейдоллаұлы ағамыздың арқасы. Ол кезде ол кісі филармония басшысы болған. Сол кезде мен филармониядан ол кісіден кішігірім көмек сұраған болатынмын. Сол жерде мен "Назар" тобының іріктеуін жүргіздім. Сол жерде тұрақтадық. Мен кеңсе ретінде орын сұрағанмын, аға маған берген болатын. Кейін Жеңіс ағаны "Қазақконцерт" ұйымына директор етіп тағайындағаннан кейін, ол кісі өзімен істеген ұжымдағы адамдардың көбіне ұсыныс жасады. Сол кезде мен ойланып, елордаға көшіп кеттім" , - деді Әуелбекова. 

«Тест алмады»: Қыздардың жүрегін жаулаған Димаш Әділет коронавирус жұқтырды
Мадина Сәдуақасова: «Сахнасыз әнші осылай ауыса бастайды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу