Ерке Есмахан Роналдумен түскен фотосымен бөлісті

Oinet.kz 06-03-2020

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан футбол әлемінің королі, танымал Криштиану Роналдумен түскен кезекті фотосын Instagram желісіне салып, көпшіліктің талқысына қалды. Фотошоптың шебері атанған әнші желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Ол португалиялық жұлдыздың қасына өзін ғана емес, ұлы Мүсілімді де қойып қойған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

d05956cc-9db7-4ece-9b3e-40dcbacba239.jpg

Ерке Есмахан Instagram желісінде танымал аяқдопшының отбасымен түскен фотосын алып, өз ыңғайына келтіріп алған. Ол футбол жұлдызының сүйіктісі Джорджина Родригестің денесіне өз басын, ал ұлы кіші Криштиануға өз баласы Мүсілімнің басын қойып қойған.

- "Кеше қыдырдық. Бұл жолы Роналдудың ұлын әжесіне тастап, Муслимді ерітіп шықтық!Муслимді білмейм, Криш екеуміз мәзбіз әйтеур! Өмір ғой" , - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының қулығын бірден байқап, оны әшкереледі. Ерке Есмаханның оқырмандары оның асқан тапқырлығына тәнті болып, күлкіге қарық қылғаны үшін алғысын жаудыруда.

- "Қаладан қалаға ұшып жүргенің сол екен ғой" , "Қатырасыз сіз де, Роналду өзі хабардар ма екен?" , "Қалжыңды жақсы айтады екенсіз" , "Қиялыңыз мықты" , "Арманыңыз жаман емес" , "Күлкіден өлдім. Ерке қоймайсыз Роналдуға сезіміңізді білдіріп" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұл Ерке Есмаханның Роналдуға арнаған алғашқы жазбасы емес. Өнер иесі ұзақ уақыт бойы португалиялық ойыншыны жақсы көретінін ашық түрде айтып келеді. Бұған дейін ол фотошоптың көмегімен Роналдумен түскен фото жариялаған болатын.

Марат Омаровтың некесіз немересінің ДНҚ сараптамасы дайын
Балжан Бидаш: «Күйзелісте жүрмін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу