«Аллаһ» деп емес, «Алла» деп айту керек

Oinet.kz 21-06-2019 3717

Screenshot_18.jpg

Шымкентте «Дін бірлікке бастайды» атты тақырыппен өткен облыстық семинарда сөз алған тарихшы, ғалым Дүйсенбек Тапаловтың айтуынша, соңғы он жылда Сауд Арабиясы өздерінен шыққан ағымдарды өзге елдерде насихаттау үшін 1 миллиард доллардан астам қаржы жұмсаған. Радикалды идеяларды насихаттауда интернет, әлеуметтік желілер кеңінен қолданылады. Сондықтан үгіт-насихатшылар заман ағымынан қалып қоймауы керек. Әсіресе, уағыз айтатын имамдарға көп жауапкершілік жүктеледі. Имам шешен сөйлеуі тиіс. Олардың әрбір сөздері қазақтың таным-түсінігімен үйлесім тауып жатса нұр үстіне нұр.

--Мәселен кейбір имамдар уағыз кезінде «Аллах» деп айтып жатады. Қазақ ежелден «Алла» деп айтқан. Қожа Ахмет Ясауи, Абай, Шәкірім де өздерінің еңбектерінде «Алла» деген,--дейді Д.Тапалов. Осы мәселеге орай сөз алған Ержан қажы Малғажыұлы уағыз кезінде «Аллах» емес «Алла» деп айту қажеттігін, діни басқарма осыған байланысты арнайы пәтуә шығарғанын тілге тиек етті. 

Жиында керағар діни ағымдарға қарсы күрес, діни басқарманың ұстанымы, алға қойған жоспарлары туралы наиб мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы былай деді:

--Дін сөз жоқ, адамзатты бірлікке бағыттайды. Алла тағала Құран Кәрімде «жан-жаққа бөлінбеңдер, бірлікте, ынтымақта болыңдар» деп әмір еткен. Тәуелсіз елдің руханияты уақыт өткен сайын артып келеді. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда имамдардың, дін ғалымдарының әлеуеті де жақсарып келеді. Қазір ортақ тұғырнамамыз бар. Сенімді қадам жасайтын уақыт келді. Қазақ тарихында сонау түркілердің заманына бергі аралықта көптеген дін ғалымдары өткен. Дегенмен олардың еңбектері әлі де болса жүйеленбеген. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз-Тәуенің «Жеті жарғысы» да шариғат заңдарымен астасып жатыр. Ел билеген хандар, абыздар барлық уақытта дін мен дәстүрді керемет үйлестіре білген. Осы ата-баба жолын ары қарай жалғастыру үшін терең зерттеулер қажет. Діни басқарма соңғы үш жылдың көлемінде дін мен дәстүр арасындағы алтын көпірге айналып келеді. Осы шараларды ары қарай жалғастыра беру үшін қазан айында Алматыда Орта Азиядағы бес елдің дін ғұламаларының басын қосатын үлкен жиын өтеді. Өткенге салауат, бірақ ертеңге күннен үмітін үзбейтін ұлттың ұрпағымыз, әлі де болса мүмкіндігіміз жетеді. Халқымыздың бірлігі де, мызғымас ынтымағы да бар. Діни басқармадағы ақпараттық насихат топтары жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Екі жылдың көлемінде нәтиже жоқ емес. Теріс ағымдарға берілген бірнеше жүздеген азаматтар дәстүрлі діни ортамызға қайтып оралды. Екіншіден, біздің ұзақ стратегиялық жұмыстарымыздың бірі--Қазақ мұсылмандығы мектебі, осы мектептің әлеуетін арттыру үшін ортақ концепцуалды шешімге келіп алу. Теріс ағымға кетіп бара жатқан көкейіндегі келіспейтіне сұрақтарының баршасына толыққанды жауап бере алатын ортақ формасын қалыптастыру.

Мұрағаттан, 2015 ж

Дәлелхан Оспанов, дінтанушы: «Ата-аналар ұл-қызының адасқанын кеш біледі»
Темур Аманқұлов, имам: «Насихат әсерлі болуы үшін жастардың тілінде сөйлеуіміз керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу