Баланың есімі тағдырына әсер ете ме?
22-01-2021
Аллаға шүкіршілік ету дегеніміз – нығмет беруші Алланы тану және Оны растау, Оған бойсұну. Аллаға шүкірлік қылған сайын нығмет арта береді. Құранда Алла Тағала:
«Егер шүкір етсеңдер, сендерге оны міндетті түрде арттыра беремін. Ал, егер күпірлік етсеңдер (игіліктерімді мойындамасаңдар), шын мәнінде азабым өте қатты», — деп хабар береді (Ибраһим: 7).
Аллаға шүкір етудің дұғасы жайында Алланың елшісі (с.ғ.с.) төмендегі хадисінде былай деп айтады: «Аллаға мадақ айту – шүкірдің басы. Аллаға мадақ айтпаған – Оған шүкіршілік жасамағаны». «Аллаға мадақ» деген сөз араб тілінде «әл-хамду лиллә». Демек, әр уақытта «әл-хамду лиллә» деп айтып жүру – сүннет. Бұл Аллаға шүкірлік етудің ең қысқа әрі нұсқа да сөзі, мұны қазақ «құдайға шүкір» деп айтады.
Алланың берген нығметтеріне шүкірлік үш түрлі жолмен жасалады: біріншісі, жүрек арқылы; екіншісі, тіл арқылы; үшіншісі, дене мүшелері арқылы.
Жүрекпен жасалатын шүкірліктің бірі – сансыз нығмет берген Аллаға жүректен орын беру. Тілмен шүкір ету – Алланың берген нығметтеріне тілмен мақтау айтып, шүкір етіп жүру. Дене мүшелерімен жасалатын шүкіршілік – Алла Тағалаға құлшылық ету, күнә істерден сақтану.
Тіпті, әрбір намазда оқылатын, бастауыш «Фатиха» сүресінің бірінші аяты «Барлық мақтау әлемдердің Раббысы болған Аллаға тән» деп Жаратушыға мақтау айтумен басталады. Осылайша мұсылман адам Алла Тағалаға тек намаздың өзінде күніне қырық мәрте шүкірлік сөзін айтады. Бұл да – дін исламдағы хикметтердің бірі.