Қауынның пайдасы мен түрлері
Қауынның құрамында: қант, А, Р, С дәрумендері, аскорбин қышқылдары, темірдің минералды тұздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза көміртектері бар. Қауын тек дәмі тіл үйіретін жеміс қана емес, оның адам денсаулығына пайдалы тұстары да өте көп.
Қауын халық медицинасында белгілі бір мағынаға ие: қауын құрамында қанттың мөлшері көп. Ол жаздың аптапты ыстық күндері шөлді жақсы басады.Сонымен қатар, оны үздіксіз пайдалансаңыз, асқазанға пайдасы зор. Беттегі безеуді, секпілдерді кетіруге көмектеседі. Оның құрамында фолий қышқылы болатындықтан, қан аздық ауруларында кеңінен қолданады.
Қауынның дәнін туберкулез, бронхит, ревматизм ауруларына және жүрек-қан тамыр ауруларында, бүйрек пен бауырдың дерттерінде қолданған. Ежелден-ақ қауын шырынын ішек құрттарына қарсы ем ретінде, тамақ аурулары мен созылмалы жөтелге қарсы пайдаланған.
Деректерге сүйенсек, қауынның адамға пайдасы ұшан-теңіз. Оның кез келген сортының 100 грамм бөлігі ағзаны бір күндік С дәруменімен қамтамасыз етеді екен. Бұл дәрумен адам ағзасындағы ұлпалардың қалыпты жағдайын сақтауға септігін тигізіп қана қоймай, жара орындарының тез бітелуі мен тіс пен сүйектердің тез қалпына келуіне мүмкіндік жасайды. Қауынның құрамында А дәрумені де молынан кездеседі. Теріңіз бен көзіңіздің қарашығына жақсы әсер етіп қана қоймай, көздің көруін жақсартады.
Сондай-ақ, қауынның көптеген түрі В дәруменіне бай. Бұл дәрумен қант пен көмірсуларды өңдіретін болғандықтан денеңіз күні бойына қуатқа толы болады.
1. Қауын – төмен калориялы жеміс түрі. Оның 100 грамында небары 33 калория болады. Сондықтан оны артық салмақтан арылғысы келетіндерге жеуге кеңес береміз.
2. Сонымен қатар ішіңізді жүргізуге де әсер етеді. Егер ішекті зиянды заттардан, қоқыстардан тазалағыңыз келсе, қауын жеңіз.
3. Кімнің бауыры және қуығы ауырса, сол адамдарға қауын өте пайдалы.
4. Бүйректен тас пен құм шығарады.
5. Қандағы гемоглабин мөлшерін көбейтеді.
6. Ағзаңызды әртүрлі аурудан құтқарып, иммунитетіңізді қатайтады.
7. Жүрек-қан тамыр ауруларының да алдын алады.
8. Жүйке жүйесін тыныштандырады.
9. Жазда шөлге жақсы.