Құлан жануары туралы деректер

Oinet.kz 04-10-2019 7133

Znalezione obrazy dla zapytania құлан құс туралы мәлімет

Құлан – жылқыға ұқсас тұяқты жануарлар тобына жататын айрықша қорғауға алынған жануар. Құланды ел арасында жабайы жылқы деп те атайды. Дегенмен жазық далада үйір-үйірімен тіршілік ететін бұл жануардың еті адал әрі өте дәмді келеді. Сондықтан да аңшылар құланды есепсіз ату салдарынан құртып жіберуге аз қалған.

20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін құлан Қазақстанның жазық даласында үйір-үйірімен топтанып жүрген. Қыс айларында Каспий теңізінен шығысқа Іле ойпатына дейін кең таралған. Жазда Қарағанды АқтөбеҚостанай облыстарының жерін жайлаған. Құланды есепсіз аулау – оның қазақ жерінде құрып кетуіне әкеліп соқты. Республикада Құланды жерсіндіру жұмысы 1953 жылы басталды. 1953 – 1964 жылы Арал теңізінің Барсакелмес қорығына Түрікменстаннан 19 құлан жерсіндірілді. 1982 жылдан бастап оны «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағына, Андысай қорықшасына және Маңғыстау облысы аумағына жерсіндіре бастады. Қазір Қазақстанда 2,0 мыңдай құлан бар (2004). құланның саны дүниежүзінде жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген

Жиырмасыншы ғасырда құланның негізгі таралған аймағы Каспий теңзінің шығысы мен Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстары болған. Әсіресе Торғай даласы құландардың үйір-үйірімен жортқан қасиетті аймағы екен.

Құлан негізінен өте жүйрік жануарлар қатарына жатады. Олар тақыр жерлерде сағатына 68-72, тіпті 85 километрге дейінгі жылдамдықпен шауып өтеді. Тірі құланның салмағы 250-300 килограмды құрайды. Құландар жылқы тәрізді пысқырынады және өте сақ келеді. Көргіштігі мен иісшілдігі соншалық, құланға 1-1,5 километрден жақын жерге сездірмеу бару мүмкін емес. Тіпті ауа-райының құбылатындығын да алдын ала сезіп, боран, жел согардан бұрын сай-саланы, бұта-бұталардың арасына тасаланып үлгереді.

Генетикалық зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, бүгінгі құлан деп аталып жүрген жануарды жылқымен шағылыстырғанда, өзінен кейін тұқым бермейтін ұрпақ алынған. Сондай-ақ аталған зерттеулер бұл құландардың жылқы тұқымдарының қалыптасып жетілуіне ешқандай әсер ете алмайтынын дәлелдеген.

Бүгінде осы құлан тұқымдас понилар көпшілік демалатын орындарда - зоопарктер мен саябақтарда жиі кездеседі. Біз кездері жойылуға айналған жануарларды еліміз егемендік алғаннан кейін көбейту шаралары көптеп іске асырылып жатыр.

«Оскар» кинопремиясының тарихы
Парашюттің пайда болу тарихы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу