Ақылға сыймайтын зерттеу жұмыстары
Ғылым- адамзат игілігіне жұмылдырылған. Кей сәтте ғылыми жаңалықтар үшін адамдар зертханадағы егеуқұйрықтар іспетті аласұратын сәттер жеткілікті. Назарларыңызға ақылға сыймайтын ауқымда жүргізілген зерттеу жұмыстарын ұсынамыз.
Антибиотик
1996 жылы Нигерия штатының бірі менингит індетін жауып, АҚШ-та орналасқан Pfizer компаниясы кемінде 200 балаға Trovan антибиотиктерін егіп сынақ жүргізуді шешті. Нәтижесінде препараттан шамамен 50 жасөспірім қайтыс болды,көпшілігі соқырлықтан, салдықтан және басқа да іркілістерден зардап шекті. Өз кінәсін өндіруші жоққа шығарған болса да, 75 млн доллар төлеуге міндеттеді.
Гибрид (Жасанды ұрықтандыру)
КСРО-ның ғалымы Илья Иванов адам мен маймылдың буданымен болатын тіршілік жасауға ұмтылды. Билік бастаманы қолдады. Зерттеуші бір жұп адам мен шимпанзенің аналығын ұрықтандыруға қол жеткізді. Алайда, Иванов жұмысында табысқа жеткен-жетпегені беймәлім. Десек те, 13 ұрғашы шимпанзе сынақ барысында түрлі себептермен көз жұмды
Сұлы
Массачусетс технологиялық университетінің қолдауымен 1940-шы жылы Quaker Oats crup өндірумен айналысатын компания адам ағзасы бойынша қоректік заттардың қалай қозғалатынын анықтауға бірқатар зерттеулер ұйымдастырды. Ғалымдар 100-ге жуық жетім баланы жинап, кальций мен радиоактивтік темір қосылған сұлы сүтімен тамақтандырды. Әлбетте зерттеудің соңы насырға шапты. Фирмаға сотқа беріліп, 2 млн доллардан аса өтемақы өндерілді.
Гонорея
XIX ғасырда ғалымдар гонореяның толық емес жолмен таралуы мүмкін бе деген дау жүргізді. Сарапшы Генри Хайман эксперименттер жүргіздді. Ол зертханаға 4 және 16 жастағы екі "ауытқуы бар" баланы алды. Екі "еріктілерге" гонорея вирусы енгізілді, бірақ ол кезеңде ауруды қалай емдеу керектігін білмегендіктен балалардың өмір қауіпсіздігі сақталмды.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.