«Сиқырлы укол»

Oinet.kz 11-03-2020 821

Screenshot_42.jpg

Ине еккенде бала түгілі ересектердің қорқынышы оянады. Алайда болашақта уколды мүлдем сезбеуіңіз мүмкін. Себебі жапондық  ғалымдар  инесіз салынатын укол әзірлеп үлгерді. Ол PRIME деп аталады. Инъекцияның дозасы бір рет қолдануға арналған контейнерге микроскоптық тесік арқылы құйылады. Содан мықты электромагнитті механизм дәріні үлкен жылдамдықпен (сағатына 720 километрге жуық) итереді. Соның арқасында дәріні жіңішке ағынмен қатты қысым арқылы теріге кіргізіп жібереді. Сол кезде адам ешқандай ауру сезінбейді және артық дыбыс шықпайды және 1 мл дәріні жарты секунд ішінде салуға болады. Анаша егуде қолданудың алдын алу үшін болашақта бұл құрылғы дәрігердің арнайы рұқсатымен ғана сатылмақ. 

Қаныңыз бірінші топ болса
Жамевюді бастан кешіріп көрдіңіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу