Қалалықтар тез ауырады
Үлкен қалалардың тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда тері ауруларына көбірек ұшырайды.
Ғалымдардың тұжырымы бойынша, мұның себебі ауа құрамының ластануымен байланысты. Оның үстіне мегаполис тұрғындарының терісіндегі микроағзалар санының мөлшері аз болады екен. Бұл өз кезегінде түрлі тері ауруларынан қорғаныш қызметінің төмендеуіне алып келеді.