Рентген қалай пайда болды?

Oinet.kz 03-03-2020 1306

Screenshot_26.jpg

1895 жылы физика ғылымдарының профессоры Вильгельм Рентген  алғаш рет дене құрылысын операциясыз көруге болатынын анықтады. 

8 қарашаның кешкі уақытында кабинетінде тәжірибе жасау барысында ол индукциялық катушка мен вакуумды шыны трубадан өзінен бірнеше метр арыда тұрған экранда белгісіз сәулелердің пайда болғанын байқап қалады. Ғалым қолын әлгі сәуле мен экранның арасына қойғанда қолының сүйектерін анық көреді. Бұл жаңалықты одан әрі зерттеген Вильгельм экранды фотографиялық пластинаға ауыстырады. Өзге оқымыстылар секілді Ренгтен де әйелін тәжірибеге араластырады. Әлемдегі алғашқы рентгенограммада профессордың жары Анна Бертаның неке жүзігі тағылған қолы бейнеленген. Анна рентген суретін көргенде қорыққанынан «мен өз ажалымды көрдім» деген екен. 

Найғазай адам
Шприцтің тарихы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу