Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Әйгілі француз хирургі Амбруаз Паре әскерде жараланған сарбаздарды өз еркімен емдеумен айналысқан. Сондай-ақ ол оқ тиген жараның орнын емдеуді зерттеген ғалым.
Алғашында дәрігер жараның орнын қайнатылған ыстық маймен емдеген. Бұл жараға тұз сепкенмен бірдей еді. Қатты ашытады және күйдіреді. Май жарадағы уды жояды деп сенген. Бірде сарбазды емдеп жатқан хирург майдың таусылып қалғанын көреді. Уақыт жоғалтпауға тырысқан ол амалсыздан жараны кәдімгі сумен, кейіннен шараппен тазалайды. Паре сонда жараның орны маймен емес су, шараппен тазаласа тезірек жазылатынын байқайды да сарбаздарды «күйдіруден» бас тартады. Хирургтың бұл жаңалығына сарбаздар дән риза болды.